Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

2019 жылдың 2 шілде 2019 21:52

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 маусым күні сағат 22.30-да Шүкіров көшесі бойында болды.

«ВАЗ-2108» автокөлігімен 1999 жылғы жүргізуші белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 1986 жылғы ер адамды қағып кетті.

Соның салдарынан ауыр жарақат алған жаяу жүргінші облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жабық бас-ми жарақатын алған науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр. Ота жасалып, нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жүк көлігінің 10 тонна жүгімен өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.

Жоғары қарай