Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда ер адам танысын пышақтап өлтірді

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 18:52

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам танысын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 қыркүйек күні болды.

Бәйтерек ауданының 1964 жылғы тұрғыны Орал қаласындағы танысының үйіне келген.

Арақ ішу барысында ол шамамен сағат 15.00-де 1985 жылғы азаматтың кеуде тұсынан пышақ сұққан. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Зачаган полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай ашты. Қылмысын мойындаған күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан бір жасар сәбидің қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай