Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда есірткіні жасырын жарнамалау мәселесі талқыланды

2020 жылдың 17 қараша 2020 22:41

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда есірткіні жасырын жарнамалау мәселесін талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғимараттар маңдайшаларындағы есірткінің жасырын жарнамасы мәселесі: онымен қалай тиімді күресуге болады» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысына Қазақстан халық партиясының белсенді мүшелерімен қатар облыстық полиция департаменті, БҚО қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты.

Қазақстан халық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сүйінғали Ярлыгасимовтың айтуынша, онлайн жиынға қатысушылар бұл мәселеге жұртшылықтың назарын аудара отырып, есірткі жарнамасына тосқауыл қою керектігі туралы тоқтамға келді.

Оның сөзіне қарағанда, мұны шешу үшін ең алдымен есірткі заттарын жарнамалаумен айналысатын адамдарды анықтау жұмыстарын күшейту қажет. Сонымен қатар есірткіні таратып, насихаттағаны үшін қылмыстық жазаны қатаңдата түсу керек.





«Мектептер мен ЖОО-ларда жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы насихатты күшейтіп, оның зияны жөнінде арнайы пән енгізсе де артық болмас еді. Барлық азаматтарды заң бұзылған жағдайда хабарландыруларды суретке түсіріп, 102 телефонына хабарлап, полицияның келуін күтуге шақырамыз. Сондай-ақ есірткі заттарының тыйым салынбаған, жаңадан шығып жатқан түрлеріне тосқауыл қою қажет», деді С.Ярлыгасимов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын оралдық коммунистердің АЕК көлемін тоқсан сайын өзгертуді ұсынғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай