Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда гараждағы өрттен әйел адам көз жұмды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 14:50

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда гараж өртеніп, әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қаңтар күні сағат 23.15-те М.Шолохов көшесі, 50/1-мекенжайында болды.

«Победа» гараж кооперативінде аумағы 40 шаршы метрді қамтыған гараж отқа оранған. Өрт орнынан әйел адамның мүрдесі табылды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 12 адам, 4 техника жұмылдырылып, сағат 00.43-те толық сөндірілді.





Оқиға орнында Орал қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметінің өртті зерттеу зертханасы жұмыс істеді.

Өрттің себебі мен кінәлілерді анықтау үшін материал полицияға тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпқабатты үйдегі өрттен 14 адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай