Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда халықтан жиналған 200-ге жуық қару-жарақтың көзі жойылды

2021 жылдың 24 шілде 2021 06:12

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда халықтан жиналған қару-жарақ жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балқытылған 193 дана суық қарудың ішінде тегіс ұңғылы мылтықтар мен газбен атылатын және травматикалық тапаншалар, электрошокерлер бар.

Кейбіреуі мүлдем тіркелмеген, заңды құжаттары да жоқ.

Халықтан жиналған мылтықтардан өзге түрлі пышақтар да бар. Олар қылмыс болған жерден айғақ зат ретінде тәркіленіп алынған.

«ҚазАрмаПром» ЖШС арнайы пешінде балқытылып, темірге айналған суық қарулар енді бейбіт мақсатта өндіріске пайдаланылады.

Биыл «Қару» акциясына БҚО бойынша 2 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Балқытылған 193 мылтықтан 250 келі темір алынды.

«Мұнда тегіс ұңғылы мылтық пен газбен атылатын және травматикалық тапаншалар, электрошокерлар бар. Азаматтардың осы жағдайға түсіністікпен қарап, өз еркімен тапсыруы дұрыс деп есептейміз. Мұның өзі - қылмыстың алдын алуға бағытталған негізгі шаралар» деп мәлім етті өңірдің полиция департаменті.


Жоғары қарай