Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 54 жастағы ер адам 8 күннен бері табылмай жатыр

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 12:17

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 54 жастағы ер адам 8 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Мадияр Бисенғалиев 10 қыркүйек күні сағат 13.00-де «Тойота Авенсис» автокөлігімен үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

«Құс фабрикасы» ауданында Атамекен көшесі 93-үйде тұратын М.Бисенғалиевтің бойы 170-175 сантиметр, басына қоңыр кепкі, үстіне шолақ жең ақ көйлек, ақшыл түсті джинсы, аяғына қара туфли киген. Өзімен бірге автокөлік құжаттары салынған қара барсеткасы, «Самсунг» телефоны (нөмірлері: 8-701-839-40-01, 8-777-659-06-82) болған.

Ерекше белгілері жоқ.

Бұл оқиға бойынша Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 16 жасар қыздың төртінші қабаттан секіріп, аман қалғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай