Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда көлікпен соқтығысқан мотоциклдің 15 жастағы жүргізушісі мерт болды

2021 жылдың 15 маусым 2021 23:46

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлікпен соқтығысудан ауруханаға түскен мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін қала көшелерінің бірінде автокөлік мотоциклмен жүрген екі жасөспірімді қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Мотоциклді тізгіндеп келе жатқан 15 жастағы бозбала облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған еді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жасөспірімге ота жасалған. Алайда алған жарақаттары ауыр болғандықтан, ол қаза болды.

"Қайтқан жасөспіріммен бірге болған 15 жастағы қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған қоса, қолы сынған. Жағдайы қанағаттанарлық", - деді басқармадан.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оралда жол-көлік оқиғалары көбейіп кетті.

Тағы бір жол апаты 15 маусым күні сағат 20.19-да А.Тайманов пен М.Ықсанов көшелерінің қиылысында болды. Жолаушы тасымалдаумен айналысатын «Лада Гранта» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі 54 жастағы Х. айдап келе жатқан осындай көлікке жол бермей, аударылып қалған. Соның салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен 53 жастағы жолаушы әйел жарақат алды.


Жоғары қарай