Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда өзенге құлап кеткен екі бала құтқарылды

2021 жылдың 13 маусым 2021 16:57

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда өзенге құлап кеткен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 12 маусым күні кешкісін қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Сағат 19.10-да аспалы жаяу көпір астындағы өзен жағалауындағы плитаның үстінде ата-анасының қарауынсыз ойнап жүрген 9 және 6 жасар екі бала тайып, Шаған өзеніне құлап кеткен.

Сол маңда жүрген жедел құтқару жасағының қызметкерлері (3 адам, 1 техника) екі баланы судан алып шықты.

Сондай-ақ кеше сағат 17.21-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында құтқарушылар істен шыққан катамаранды жағалауға сүйреп шығарды. 34 және 31 жастағы екі адам құтқарылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сыныпқа ұқсас белгісіз зат табылғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай