Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Оралда полицейлерден қашқан ер адам өзінің тамағын тіліп жіберген

2020 жылдың 27 мамыр 2020 17:54

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда полицейлерден қашқан ер адам өзінің тамағын тіліп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы ғимаратының жанында болды.

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншиннің айтуынша, 27 мамыр күні сағат 09.26-да 1989 жылғы тұрғын түнде белгісіз біреулердің Қ.Аманжолов көшесі бойындағы ауладан «Kia Sportage» автокөлігін айдап кеткені жөнінде хабарлаған.

Хабар түскен бойда «Тосқауыл» жоспары жарияланып, автокөлікті іздеуге Орал қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.

Сағат 12.25-те автокөліктің Ж.Досмұхамедов көшесі бойындағы жеке үйдің ауласында тұрғаны анықталды.

Ауладағы екі ер адамның біреуі ұсталып, екіншісі полиция қызметкерлерінен қашқан. Қашып бара жатып, өзінің тамағын тіліп жіберген.

Полицейлердің жедел іс-қимылы арқасында ол ұсталып, жедел жәрдем де уақтылы шақырылды. Осылайша құқық бұзушының өзіне ауыр жарақат келтіруіне жол берілген жоқ.

Бастапқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам полиция қызметкерлеріне берілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.


Жоғары қарай