Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Оралда түнгі жол апатынан бірнеше адам зардап шекті

2020 жылдың 15 ақпан 2020 16:56

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда түнгі жол апатынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнде Зачаган кентінде болды.

«Зачаганск» дүкеніне қарсы бетте «ВАЗ-2110» және «ВАЗ-2111» автокөліктері соқтығысты.

Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінде отырған 2001 жылғы екі жігіт сынық жарақатымен облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Қос автокөлік жүргізушілері дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Медициналық куәландыруға сәйкес «ВАЗ-2110» автокөлігінің 1983 жылғы жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас күйінде болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 00.45-те шақырылды. Жол оқиғасынан зардап шеккен үш адам (оның біреуі 1996 жылғы, екеуі 2001 жылғы) облыстық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, төрт адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай