Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі тұрғын сотталды

2020 жылдың 7 тамыз 2020 15:17

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі тұрғын сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша қозғалған екі қылмыстық істі аяғына дейін жеткізді.

Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, М.Тимофеев 2019 жылдың мамыр айында заңсыз материалдық табыс табу мақсатында ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңында белгіленген орындардан тыс жерлерде тиісті лицензиясыз құмар ойындарын ашқан.

Өзінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін ол «OLX» интернет көзіндегі жарнаманы қолдану арқылы құмар ойындарын ойнауға қажетті құрал-жабдықтарды, атап айтқанда, компьютерлер, теледидарлар, түбіртіктерді басып шығаруға арналған термопринтер, сканерлер сатып алған. Содан кейін қаланың тұрғындар көп келетін жерінде екі ғимаратты жалға алып, Б. және Д. есімді екі азаматты кассир-оператор ретінде жұмысқа қабылдаған.

М.Тимофеев қажетті жабдықты орнатқаннан кейін «X Keno», «Fortuna» бағдарламалық ойындары негізінде сандардың нәтижесі бойынша төлемдер қабылдап, заңсыз әрекеттерге барған. Ол салық төлеуші ретінде мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген, сондықтан букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ.

Орал қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлігіне сәйкес М.Тимофеев айыпты деп танылып, оған пробациялық бақылау орнатылып, бас бостандығы 1 жылға шектелді.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Д.Берқалиеваға да осындай үкім шығарылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 11 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленгенін жазған болатынбыз.





Жоғары қарай