Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 22:47

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Яна Кострыкина 18 ақпан күні таңертең үйінен мектепке шығып кеткеннен оралмаған болатын.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқушы қыз бүгін кешкісін «Омега» зауыты ауданынан табылған.

Қызды Орал қаласы полиция басқармасының ювенальды полиция инспекторы Аслан Атамбаев тапты.

Қазіргі кезде қаладағы №26 орта мектептің 9-сыныбында оқитын қыздың жоғалу себебі анықталу үстінде.




Жоғары қарай