Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оралда жол апатынан бес адам зардап шекті

2021 жылдың 15 қараша 2021 23:33

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында жол апатынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 қараша күні кешкісін Зачаган кентінде Орал-Саратов тасжолы бойында болды.

«Алтындар» дүкені маңында KIA мен «ГАЗ-53» автокөліктері соқтығысты.

Соның салдарынан түрлі жарақат алған 1 әйел, 4 ер адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.59-да шақырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген 30 жастағы ер адам бас пен мидың жабық жарақатын алды. 30 жастағы әйел кеудесінен соққы алған. 25 жастағы жігіт бас пен мидың жабық жарақатына қоса тобығын соққан. 31 жастағы ер адамның бас пен мидың жабық жарақатына қоса маңдайын шыны кескен. 59 жастағы ер адамның бас пен мидың жабық жарақатына қоса тобығы сынған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай