Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда жол апатынан бір жасар сәби мерт болды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 18:00

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қос автокөлік соқтығысып, бір жасар сәби мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 қыркүйек күні Н.Назарбаев даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында болды.

Сағат 05.00-де 29 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21115» автокөлігімен келе жатып, 35 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz» көлігімен соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан «ВАЗ-21115» машинасында отырған бір жасар сәби облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай жансақтау бөлімінде көз жұмды. Сол автокөліктегі тағы бір жолаушы, 23 жастағы жігіт аталған аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Оқиға бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай