Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралдық тұрғыннан 128 мың теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

2020 жылдың 3 тамыз 2020 12:23

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында дәрілік заттарды заңсыз өткізу деректерін анықтау жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында осындай екі дерек белгілі болды.

Орал қаласының тұрғыны дәрі-дәрмектерді Қазақстан Республикасының уәкілетті органының рұқсатынсыз сатқан. Одан жалпы құны 128 мың теңгені құрайтын цефтриаксон және ледокаин дәрілері табылып, тәркіленді.

Сол секілді қаладағы дәріханалардың бірі инфлюцид препаратының орамын 3 500 теңгеден (белгіленген баға – 2 571 теңге) өткізген. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Дәрілік заттың бөлшек саудада және көтерме саудада сатылатын тауарлық атауының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығына қайшы келеді.

Заң бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары ұзартылғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай