Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ораза айт қайырымдылықты дәріптейтін қастерлі мейрам - Мәулен Әшімбаев

2021 жылдың 13 мамыр 2021 09:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар!

Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл – адамзатты береке-бірлікке шақыратын және қайырымдылық пен қарапайымдылықты дәріптейтін қастерлі мейрам. Дәл осы күндері мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қамқорлық таныту игі дәстүрге айналды. Мұндай ізгі амалдар елдің ынтымағын арттыра түсетіні сөзсіз. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде оның маңызы аса зор. Сондықтан айт мерекесін имандылықпен бірге адамгершіліктің де өзегі деп қабылдаймыз.

Сіздерді айтулы мейраммен құттықтай отырып, Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деп тілеймін. Әр шаңырақ шаттыққа кенеліп, Отанымыз өркендей берсін. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік.

Айт мүбәрак болсын!», деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.


Басты сөздер: Ораза, Дін, Сенат,
Жоғары қарай