Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ордабасыда «ұшақтар дәрі шашып жатыр» деп жалған хабар таратқан жігіт кешірім сұрады

2021 жылдың 30 шілде 2021 22:15

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Ұшақтар дәрі шашып жатыр» деп желіде жалған ақпарат таратқан ер азамат анықталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WhatsApp желісінде «АН-2» маркалы ұшақтарын түсірген бейнежазба мен белгісіз ер адамның «ұшақтар дәрі шашып жатыр, соған байланысты жиналамыз» деп айтып жатқан аудиожазбасы тараған.

Бұл бейнежазба бойынша Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері тиісті жұмыс жүргізді.

Полицейлердің анықтағанына қарағанда «АН-2» ұшақтары Ордабасы ауданы Қара аспан ауылдық округінің маңына қонған.

Аталмыш ұшақтар Шымкент қаласының тұрғыны, яғни ЖШС иесіне тиесілі болып шықты.

Ол ұшақтарды Қара аспан ауылдық округінің маңынан жалға алған егістік алқапқа тыңайтқыш шашу үшін әкелген.

Аталмыш көліктер келесі жылдың көктеміне дейін сол маңда тұрып, егістікке пайдаланылады.

Жалған ақпар таратқан жігіт те анықталды.

Ол Қара аспан ауылдық округінің тұрғыны болып шықты.

Бүгінгі таңда Ордабасы АПБ полицейлері ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

Жігіт өз кінәсін толығымен мойындап, тұрғындардан кешірім сұрады.


Жоғары қарай