Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары анықталды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 09:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - The Ring журналы орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингісі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы чемпион бөлек шығарылған. The Ring мексикалық боксшы Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) чемпион деп санайды.

Еске сала кетейік, «Канело» – WBA Super титулының иегері, WBC «франчайзингтік» чемпионы.

Рейтингте бірінші орында – IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО). Екінші орында – WBO белбеуінің иегері америкалық боксшы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО). Үздік үштікті АҚШ боксшысы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) түйіндеді.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақта үздік боксшылар ондығы:

Чемпион — Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО)

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО)

2. Деметриус Андраде (29-0, 18 КО)

3. Джермалл Чарло (30-0, 22 КО)

4. Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО)

5. Риота Мурата (16-2, 13 КО)

6. Камил Шеремета (21-0, 5 КО)

7. Крис Юбэнк (29-2, 22 КО)

8. Мацей Сулецки (28-2, 11 КО)

9. Роб Брант (25-2, 17 КО)

10. Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО).


Басты сөздер: Бокс, Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920