Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 385.96
EUR 423.78
RUB 6.03
CNY 54.16

«Орталық Азия таланттарды іздейді» жобасы эфирге жол тартпақ

2019 жылдың 12 тамыз 2019 14:02

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Central Asia's Got Talent (Орталық Азия таланттарды іздейді) жобасы 15 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасының эфирінен көрсетіледі. Бұл туралы бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Central Asia's Got Talent жабасы қатысушылардың жасы мен талантының қандай болғанына қарамастан бағын сынап, өнерін көрсетуге мүмкіндік беретін телевизиялық шоу. Жеңімпазы атақ-даңқпен бірге қомақты қаржылай сыйлыққа ие болатын жоба 15 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

«Орталық Азиядағы ең ауқымды таланттар шоуының тұсаукесері қыркүйек айына жоспарланған. Көрермендер тағатсыздана күтіп жүргеніне сеніміміз мол. «Хабар» агенттігі осынау бірегей жобаның бастамашысы болды. Бұл байқау - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікістан елдерінің көрермендері үшін көптеген талантты адамдарды ашады және танытады деп ойлаймыз»,- деді «Хабар» арнасының бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.




Жобаның бас продюсері Серік Ақышевтің айтуынша, Central Asia's Got Talent шоуы 4 мемлекетте бірдей уақытта эфирге шығады. «Хабар» (Қазақстан), «Zo'r TV» (Өзбекстан), КТРК (Қырғызстан) және «ТВ Сафина» (Тәжікстан) телеарналарынан көрсетіледі.

Central Asia's Got Talent жобасы 5 кезеңнен тұрады. Іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және Гранд финал. Қазіргі уақытта жобаға қатысушылардың өтініштері қабылданып, төрт елде іріктеу кезеңі мен ширек финал аяқталды. Жартылай финал мен Гранд финал тікелей эфирде көрсетіледі.

Конкурс төрешілері 4 мемлекеттің танымалы тұлғалары арасынан бекітілді. Нұрлан Абдуллин (Қазақстан) - белгілі эстрада әншісі, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Гүлнұр Сатылғанова (Қырғызстан) -Қырғыз Республикасының халық әртісі. Ситора Фармонова (Өзбекстан) - әнші,актриса. Аловуддин Абдуллоев (Тәжікстан) - театр және кино әртісі,Тәжікстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Got Talent - британдық Саймон Коуэллдың жобасы. Бүгінде бұл жоба лицензия арқылы әлемнің 70 елінде жүзеге асырылған. 2014 жылдың сәуір айында Got Talent әлемдегі ең табысты телевизиялық формат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Дәл сол кезде телебайқаудың франшизасы әлемнің 58 елінде көрсетілген.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, БАҚ,
Жоғары қарай