Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өртенген ғимаратта қалып қойған кішкентай баланы құтқарған екі қарағандылық марапатталды

2021 жылдың 14 маусым 2021 15:33

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов от шарпыған «Кедр» моншасынан баланы алып шыққан жас жігіттерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өрттен құтқару кезінде көрсеткен жанкештілігі мен батылдығы үшін Шерхан Төлеуханов пен Жантөлеу Егінбай «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оны Қарағанды облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ақылбек Ахметжанов табыстады. Ол жігіттердің батыл іс-әрекетін атап өтіп, төтенше оқиға кезінде өзгенің өміріне немқұрайлы қарамағаны үшін алғысын жеткізді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.




Естеріңізге сала кетейік, «Кедр» монша кешеніндегі өрт 29 мамырда болған еді .

Бірнеше минут ішінде кешеннің өзі ғана емес, сонымен қатар көрші орналасқан тұрғын үйлердің шаруашылық құрылыстары, сондай-ақ жақын маңдағы автомобильдер отқа оранған болатын.

Өрт шыққан кезде ғимаратта болған Шерхан Төлеуханов пен Жантөлеу Егінбай ғимараттың астыңғы қабатында бала қалып қойғанын байқаған.

Олар баланы дымқыл сүлгімен жауып, өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын арасынан көшеге шығарып үлгерген.

ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жанып жатқан ғимараттан тағы бес адамды құтқарды.








Жоғары қарай