Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ОСК сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша жалғыз және түпкілікті субъекті емес - Ерлан Дауылбаев

2020 жылдың 26 қараша 2020 12:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасын түсіндірудің түпкілікті субъекті емес. Бұл туралы ҚР ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы сайлау туралы заңнамаға өз бетінше түсініктеме беруге; өз бетінше қандай да бір түсіндірулер жасамай, сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастыруға; сайлау заңнамасының жекелеген ережелерін өзге заңдар тұрғысынан түсіндіру үшін басқа мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар.

«Осы үш аспектіні ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. ОСК сайлау заңнамасын түсіндіру бойынша жалғыз және түпкілікті субъекті емес, керісінше «үйлестіруші» немесе «ұйымдастырушы» рөлін атқарады. ОСК-ның сайлау заңнамасын түсіндіру аясында «Құқықтық актілер туралы» Заң комиссияға өзінің нормативтік құқықтық қаулыларын ғана ресми түсіндіру жөнінде өкілеттіктер береді», - деді Ерлан Дауылбаев комиссия отырысында.

Сонымен қатар ол ұйымдастырушы рөлінде бола отырып, ОСК өзінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша ресми түсіндірме беру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың ұстанымын алдын ала сұратуға құқылы екенін баса айтты.

«Бұл ретте, ОСК заңдардың, соның ішінде сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына ресми түсіндірме беруге құқылы емес. ОСК аппараты өз құзыреті шегінде сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тек нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қатысты бейресми түсініктеме бере алады», - деді ҚР ОСК мүшесі.


Жоғары қарай