Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскемен мен Семейдегі ХҚО-ларда құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 22:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларындағы ХҚО-ларда құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, енді Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары ХҚО-лардан дайын құжаттарды бармай-ақ ала алады. Курьер құжаттарды үйіңізге немесе кеңсеңізге жеткізіп береді.

Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттарға, жер учаскелеріне актілерге, мұрағаттық анықтамаларға, әскери билеттің телнұсқасына және басқа да дайын құжаттарға тапсырыс бере алады. Барлығы екі жүзге жуық мемлекеттік қызмет түрі бойынша құжат алуға мүмкіндік бар.

«Тапсырыс берілген құжат дайын болған сәтте клиент жеткізу сервисін пайдалану ұсынысымен SMS-хабарлама алады. Келіскен жағдайда жеке сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайын толтырады. Одан кейін клиент қала шегінде жеткізу құнын, яғни 970 теңге төлеуі қажет. Курьер құжатты тапсырыс берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеткізеді», - деді филиал директорының орынбасары Руслан Кибке.


Жоғары қарай