Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскемен тұрғынынан граната, тапанша мен пышақ табылды

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 19:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полицейлер ер адамды тінту барысында граната, тапанша мен пышақ тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тәртіпсіздік жасаған немесе оған қатысы бар азаматтарды анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде.

«Өскемен қаласында тәртіп сақшылары Чехов және Победа көшелерінің қиылысында 34 жастағы азаматты тоқтатқан. Тінту кезінде оның күртеше қалтасынан «ОСА» тапаншасын, гранатаға ұқсас зат пен жиналмалы пышақты тапты. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жүргізілуде», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне (атыс қаруын заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Жоғары қарай