Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Өскеменде 12 жастағы қыз іздестірілуде

2019 жылдың 9 тамыз 2019 02:13

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полиция қызметкерлері жоғалып кеткен, кәмелеттік жасқа толмаған қызды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамыз күні сағат 18:30-дар шамасында Өскемен қаласының Есенберлин көшесі 4 «А» мекенжайы бойынша тұратын, 12.05.2007 жылы туған Қанапиянова Жанерке Дәуренқызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Оны іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, іздеу шараларына Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен Ұлттық ұланның 60 әскери қызметкері жұмылдырылған.

Іздеуші топтардың іс-қимылын дұрыс үйлестіру және оқиға болған аймақта тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы мен басшылығы жүр.

Жоғалған қыздың ерекше белгілері: бойы 130-135 см, орта денелі, шашы орташа ұзын, шашы мен көзі қара, қоңыр түсті жейде, ашық жасыл түсті шолақ шалбар киген.

Жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, жергілікті полиция бөліміне барып немесе «102» телефонына қоңырау шалу керек.

Жоғары қарай