Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Өскеменде 17 жастағы жігіт суға батып көз жұмды

2020 жылдың 1 маусым 2020 18:06

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында арнайы жабдықталмаған орында шомылған жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін рұқсат етілмеген жерге суға түсу үшін барған жігіттер қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Шомылып жүрген жасөспірімдердің бірі қатты ағысқа төтеп бере алмай батып кеткен.

«Құтқарушылар 17 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол Ертіс өзеніндегі арнайы жабдықталмаған орында суға шомылған» делінген хабарламада.

ТЖ өкілдерінің мәліметінше, шомылу маусымы әлі басталған жоқ. Осы ретте, құтқарушылар демалыс орындары мен жағажайларда рейд жүргізіп жатыр.

Өкінішке қарай, қауіпсіздік шараларын елемей, өз өмірін қауіп-қатерге тіккен тұрғындар әлі де анықталып жатыр.


Жоғары қарай