Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өскеменде 37 жастағы ер адам сатушыны мылтықпен қорқытып, дүкенді тонап кетті

2020 жылдың 14 маусым 2020 15:56

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде шолақ мылтықпен қаруланған ер адам дүкенге басып кіріп, кассадан ақша алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 13 маусым кешкі сағат 18.20 шамасында Гагарин бульварында орналасқан дүкенге қолына шолақ мылтық ұстаған ер адам қарақшылық шабуыл жасаған.

Ол дүкеннің сатушысын қарумен қорқытып, кассадағы ақшаны тонап кетті.

«Аталған факті негізінде криминалды полиция қызметкерлері шұғыл шара қабылдап, 1983 жылы туған облыс орталығының тұрғыны ұстады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған» деп мәлім етті полицейлер.

Күдікті уақытша изоляторға қамалған.


Жоғары қарай