Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде 50-ден астам аула жөнделді – Даниал Ахметов

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 17:37

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында биыл 55 аула жөндеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«2020 жылы Өскеменде 55 аула жөнделді. Жабындысы бар балалар мен спорт алаңдары орнатылды, автотұрақтар жасалды. Ал 19-ыншы шағынауданда жаңа аллея тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Жақын арада мұнда біздің жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновке ескерткіш орнатылады», - деді ол.

Аймақ басшысының айтуынша, 19-ыншы шағынаудандағы негізгі құрылыс нысаны – Гематология орталығы. Қан ауруларын диагностикалау мен емдеуден басқа, орталық қан ауруларының алдын алу және гематологиялық науқастарды оңалтумен айналысады.⠀

«Zerek» креативті білім беру орталығындағы заманауи жабдықтар балаларға IT технология тілін терең меңгеруге және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Мұнда креативті көзқарасы бар жас оқытушылар жұмыс істейді. Ахмер ауылындағы жаңа мектеп орын тапшылығы мәселесін шешті. Ескі білім шаңырағында балалар 3 ауысымда оқыған еді. Мұнда кең кабинеттер, акт залы, асхана, спортзал бар. Жалпы Өскеменде МЖӘ бағдарламасы жобаларының сәтті жұмыс істеп жатқаны қуантады. Жақын арада екі жаңа балабақша бүлдіршіндерге өз есігін айқара ашпақ», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде қазан айында Пульмонология орталығы ашылатындығын хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай