Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде автобус жүргізушілері бір күнде 50 рет заң бұзған

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 08:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Автобус» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 жүргізуші мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпесе, 7 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған.

«Көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланудың 4 фактісі тіркелді. Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген бір автобус арнайы автотұраққа қойылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, «Автобус» жедел алдын алу шарасы 20-22 қаңтары аралығында жүргізілуде. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері мен Экология және көліктік бақылау инспекциясы департаментінің өкілдері қоғамдық көліктерді жіті тексереді.


Жоғары қарай