Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде аю атқан браконьер ұсталды

2021 жылдың 15 қараша 2021 11:02

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде аю атқан 51 жастағы браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Шара барысында полиция қызметкерлері Тарханка ауылының маңында мылтықпен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Етті өзіне қалдырған к.дікті аюдың табанын сатып жібермек болған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабына (Заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Күдікті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері барлығы 360-тан астам рейд өткізіліп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 605 фактісі тіркелді. Сонымен қатар 10 браконьер ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.



Жоғары қарай