Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Өскеменде баспана кезегін жылжытып берем деп жұртты алдаған ер адам ұсталды

2019 жылдың 5 шілде 2019 22:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жеңіл жолмен баспана алып берем деп уәде беріп, алаяқтық жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маусымның төрті күні Өскемен қаласындағы полиция басқармасының «102» нөміріне 31 жастағы жеке кәсіпкер хабарласып, бір танысының 400 мың теңгені алдап әкеткенін айтады. «Баспана кезегін жылжыта алам» деген сөзге алданған кәсіпкер танысына қолындағы ақшасын ұстатып қоя берген.

«Сақшылар 44 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстады. Ол бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Ал бұл жолы ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жоғары қарай