Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 54 үй салынды

2022 жылдың 19 мамыр 2022 08:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 54 үй салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен іргесіндегі 28 шағын ауданға барып, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған үйлермен танысты. Бүгінде осы бағдарлама арқылы 54 үй бой көтерді.

«Тағы 1000-нан астам жер учаскесі дайын тұр. Барлық қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйесі, атап айтқанда жолдар, балалар алаңдары қарастырылған. Көктемде жерасты суы деңгейінің өсуіне байланысты қиындықтар туындағаны рас. Енді арнайы құжаттар дайындалып, барлық қажетті жөндеу жұмыстарды басталады. Сондай-ақ осындай жағдай қайталанбас үшін қосымша геологиялық зерттеулер де жүргізіледі», - деді облыс әкімі.




Оның айтуынша, қажет болған жағдайда жерасты суын бұру технологиясы қолданылады.

«Шағын ауданда мектеп, үш балабақша және жүз орындық емхана салу жоспарланған. Сонымен қатар аудандағы үйлердің жобалары әртүрлі болуы үшін өзге жобаларды дайындауды тапсырдым. Салынған 54 үй өте ыңғайлы әрі заманауи. Жақын арада бұл облыс орталығындағы ең перспективті аудандардың біріне айналады», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алматыда 5 жыл бұрын іздеу жарияланған күдікті ШҚО-да ұсталғанын хабарлаған едік.





Жоғары қарай