Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Өскеменде ДДСҰ рецепті бойынша антисептик өндірілмек

2020 жылдың 26 наурыз 2020 10:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рецепті бойынша антисептиктерді өндіргелі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Техникалық университеттің лабороториясында зарарсыздандыратын құралдың алғашқы партиясы – 1 мың литрі дайындалды. Ол қатаң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рецепті бойынша әзірленді. Басты міндет – халықты қорғап, коронавирустың таралу қаупін азайту», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен.

ШҚМТУ дезинфекциялық заттарды ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларына, сонымен қатар қажет еткен халыққа тегін таратпақ. Лаборотория COVID-19 індетімен күрес жөніндегі облыстық штабпен серіктесе жұмыс жүргізеді. Ресми түрде рұқсат алғаннан кейін ЖОО толыққанды өндірісті де іске қосқалы отыр.


Жоғары қарай