Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде қатты жел үш қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

2021 жылдың 15 қараша 2021 16:39

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қатты жел үш қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 қарашада шаһарда жылдамдығы секундына 20 метрге дейін дейін жететін жел тұрып, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі көп қабатты ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Түрлі мекеме кеңселері орналасқан нысанның жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайды.

«Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Сол жерде жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр», - делінген ақпаратта.

ТЖД мамандары осыған дейін өңір жұртшылығына дауылды ескерту жариялаған болатын. Қандай да бір қиындыққа тап болған тұрғындар «112» нөміріне хабарласулары қажет.





Жоғары қарай