Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 18:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Соңғы күндері Өскеменде көктайғақтан зардап шеккендер саны 130-дан асты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 желтоқсанда көшеде құлап жарақат алғандар саны 37 адам болса, 7 желтоқсанда – 24, ал 8 желтоқсанда олардың саны 34-ке жетті. Бүгін, 9 желтоқсанда таңертеңнен бері 42 тұрғын жарақат алған. Барлығында көгерген, сынған және созылған секілді жарақат түрлері бар», - деп түсінік берді басқарманың баспасөз қызметінде.

Ал бұл уақытта Семейде соңғы екі күннің ішінде травматология орталығына 28 адам түскен. Олардың барлығы көшеде көктайғақтан құлаған.

«Негізінен, қала тұрғындары аяқтарын жарақаттап, тіпті кейбірі сындырып та алған. Бүгін таңертең кішкентай бала құлап, аяғынан жарақаттанды», - деп түсіндірді Семей қаласының жедел медициналық көмек станциясында.

Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына, оның ішінде көктайғаққа байланысты 6-7 желтоқсан күндері Семей мектептерінде сабақ болған жоқ.

Автор:

Орал Ерланұлы

Жоғары қарай