Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Өскеменде коронавирустың алдын алу шаралары түсіндірілді

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 22:57

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында дәрігерлерге коронавирустың алғашқы белгілері мен оның алдын алу шаралары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Өскемендегі №1 қалалық ауруханасында өткен жиында Семей медициналық университеті жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының доценті Ербол Смаилов дәрігерлерге коронавирус жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Медицина қызметкерлеріне вирустың басты белгілері мен инфекция жұқтырған адамға алғашқы көмек көрсету түрлері туралы кеңінен айттық. Әзірге біздің елде коронавирус тіркелген жоқ. Алайда бәріне дайын болғанымыз жөн. Бұл қауіпті вирус ауа арқылы да жұғады. Сол себепті қолыңызды жиі сабынмен жуып, үйді үнемі желдетіп таза ұстағаныңыз абзал» - дейді Ербол Смаилов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылғандығы хабарланған болатын.


Жоғары қарай