Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде мас күйінде көлік тізгіндеп, жаяу жүргіншіні қаққан жігіт сотталды

2021 жылдың 3 тамыз 2021 15:48

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында мас күйде көлік тізгіндеп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен 21 жастағы жігіт жарты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алкогольді ішімдік ішіп рульге отырған 21 жастағы ер адам түнгі уақытта азық-түлік дүкенінің маңында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соққыдан жерге құлап, есінен танып қалған әйелге медицина қызметкерлері көмек көрсетті.

Сотталушы өз сөзінде оқиғаның қалай болғаны мүлде есінде жоқ екенін айтты.

Сыра ішкенін мойындаған ол азық-түлік алу үшін дүкенге қарай жол тартқанын жеткізді.

«Сот шешімімен ер адам 6 айға темір торға қамалып, көлік басқару құқығынан 10 жылға айырылды. Өскемен тұрғыны ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігімен пробация қызметінде есепте тұратын болады», - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Сол жағалау ауданының пробация аға инспекторы Азамат Сәкенов.


Жоғары қарай