Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген 200-ден астам адам ұсталды

2021 жылдың 23 қыркүйек 2021 05:05

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жыл басынан бері мас күйде көлік жүргізген 200-ден астам адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл алкогольді ішімдік ішіп рульге отырғандар саны артты.

Мас күйде көлік тізгіндегендер көбіне жаз айларында анықталған.

«Жыл басынан бері шаһар бойынша ащы судан ұрттап көлік айдаған 220 жүргізуші анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Осы ретте, жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды және ешбір жағдайда мас күйде рульге отырмауды сұраймыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұсталған азаматтардың ішінде 20-ға жуығы бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған.


Жоғары қарай