Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өскеменде маска киіп, қолына пышақ ұстаған 24 жастағы жігіт дүкен тонамақ болды

2020 жылдың 2 шілде 2020 11:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының орталығында 24 жастағы жігіт дүкен тонаймын деп қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 28 маусым түнгі сағат 23:45 шамасында Гагарин бульварының бойындағы дүкендердің бірінде болған.

Дүкенге бетіне маска киіп, қолына пышақ ұстаған ер адам кіріп сатушыны қорқытып, кассадағы ақшаны алып, қашпақшы болған. Сатушы тез арада «102» арнасына хабарлап үлгереді. Шақыртуға тез арада жеткен полиция қызметкерлері сатушының сипаттамасы бойынша сол маңнан көп ұзай қоймаған 24 жастағы жігітті қолға түсірді.

Бұл оқиға бойынша аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



Жоғары қарай