Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 12 адам эвакуацияланды

2021 жылдың 5 наурыз 2021 21:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт шыққан үшқабатты тұрғын үйден 3 адам құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Грибоедов көшесіндегі үшқабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жетті.

«Бірінші кезекте 3 тұрғын құтқарылды. Оларды оттегі маскасының көмегімен қатты түтінденген кіреберістен алып шықты. Сонымен қатар тағы 12 адам эвакуацияланды, оның 4-уі бала», - делінген хабарламада.

Тілсіз жаудың жалпы ауданы – 6 шаршы метрді құрады. Белгілі болғандай, бірінші қабаттағы пәтерде диван жанған. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына - отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.

Осы ретте ТЖД мамандары өрт болған жағдайда бірден «101» нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

«Тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен жауып, түтінденген ғимараттан шығуға тырысыңыз» дейді мамандар.














Жоғары қарай