Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде синтетикалық есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 22:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тәртіп сақшылары «Қарасора» жедел-іздестіру шаралары барысында психотропты заттарды жасырын сатып келген ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық қорғаушылар арнайы шара барысында 32 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйелді қолға түсірген. Олар осы жылдың қыркүйек айының басында Нұр-Сұлтан қаласынан Өскеменге келіп, психотропты заттарды сата бастаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер синтетикалық психотропты заттардың партиясын көлемді күйде сатып алып, шағын дозаға бөліп, жасырын қуыстар арқылы өткізіп отырған.





«Тінту барысында күдіктілерден 150 грамм болатын психотропты зат табылды. Бұл – 500 реттік дозаға тең. Олардың бағасы қара нарықта 4 миллион теңгеге дейін жетеді. Сонымен бірге құқық қорғаушылар дозаларды қаптауға және өлшеуге арналған құрылғыларды тауып алды», - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Күдіктілер уақытша оқшаулағышқа қамалған. Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдіктілердің айыбы расталған жағдайда олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.











Жоғары қарай