Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өскеменде трамвай рельсінің қиылыстарына реконструкция жасалады

2020 жылдың 24 маусым 2020 22:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында биылғы жазда трамвай рельсі қиылыстарының 70% қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, трамвай желісін реконструкциялау жобасы аясында Н.Назарбаев даңғылындағы рельс қиылыстары жөнделеді.

Бүгінде Нефтяной көшесіндегі қиылыс жаңартылған. Келесі кезекте Мостовой және Пограничный көшелеріндегі жол қиылыстары тұр.

«Мамыр айында Абай-Бажов қиылысы жөндеуден өткен. Келесі айда жөндеу жұмыстары Абай-Михаэлис қиылысында басталады. Бұл көшені реконструкциялау аясында Шәкәрім даңғылындағы сегіз қиылыс жаңартылады», - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сонымен қатар Қабанбай батыр-Қазақстан және Мызы-Қазақстан қиылыстары да жөнделмек.


Жоғары қарай