Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскеменде үйінде ірі көлемде марихуана сақтаған ер адам мәжбүрлі еңбекке тартылды

2021 жылдың 9 қыркүйек 2021 06:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында үйінде ірі көлемде марихуана сақтаған ер адам 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адамнан өсімдік тектес зат салынған пакет тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл заттың гашиш екені анықталған.

Сонымен қатар оның үйін тінту барысында төсек астынан ірі мөлшерде кептірілген марихуана табылды. Сотталушы бірреттік 25 дозаны сату мақсатынсыз, жеке пайдалану үшін сақтаған. Сот отырысында Өскемен тұрғыны өз кінәсін мойындады.

«Қалалық №2 соты 51 жастағы азаматты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп тауып, жүз сағаттық мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартты. Ер адам Өскемен қаласының Солжағалау аудандық пробация қызметіне есепке қойылды. Енді ол қоғамдық орындарды, атап айтқанда аялдамаларды, аулаларды және саябақтарды қоқыстан тазалайтын болады», - деді Солжағалау аудандық пробация қызметінің бастығы Бауыржан Төлеуханов.


Жоғары қарай