Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Өскеменде жоғалып кеткен 12 жасар жеткіншек табылды

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 13:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полицейлер жоғалып кеткен 12 жасар жеткіншекті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 қаңтарда полицейлерге 34 жастағы әйел адам жүгінді.

Өз сөзінде ол кәмелетке толмаған ұлының жоғалып кеткендігін жеткізген.

«Әйел сағат 14:00 шамасында үйден аулаға серуендеуге кеткен ұлының сол күйі оралмай, бірнеше сағат бойы хабар-ошарсыз екендігін айтты. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген. Іздестіру шаралары барысында жоғалған оқушының жүрген жері анықталды. Белгілі болғандай, 12 жасар жеткіншек анасына ренжіп, үйден кетіп қалған. Полиция қызметкерлері баланы қаладағы сауда үйлерінің бірінен тапты», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Қазіргі уақытта бала анасына жеткізілді. Өз кезегінде әйел ұлын іздеуге қатысқан тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.



Жоғары қарай