Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемендегі Даңқ мемориалын бүлдірген 9 және 11 жасар балалар болып шықты

2021 жылдың 27 мамыр 2021 19:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің құрметіне орнатылған Даңқ мемориалын бүлдірген вандалдарды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 мамыр күні полицияға белгісіз біреулердің Даңқ мемориалын бұзғаны туралы ақпарат түскен болатын.

Анықталғандай, вандалдар Мәңгілік алаудағы жасанды гүлдерді өртеп жіберген.

Бұнымен қоймай, жанған гүлдерді соғыс ардагерлерінің аты-жөні жазылған ескерткішке төсеген.

«Қазіргі уақытта мемориалды бүлдіргендердің кім екендігі анықталды. Ол 11 және 9 жастағы ағасы мен қарындасы болып шықты. Олар ойнап жүріп жасанды гүлдерді өртеп, ескерткішке төсегенін мойындады. Тәртіп сақшылары балаларға және ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жеткіншектердің ата-анасы ӘҚБтК 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


Жоғары қарай