Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемендегі Ертіс көпірі биыл жөнделіп бітпек

2021 жылдың 10 маусым 2021 19:22

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Ертіс көпірі осы жылдың аяғына дейін жөнделеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін шаһар басшысы Жақсылық Омар көпірді жөндеп жатқан мердігер ұйымның өкілдерімен кездесті.

«Қазіргі уақытта көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жібек маталар комбинаты ықшам ауданына қарай баратын жолда асфальттың бірінші қабаты төселді. Барлығы қатаң түрде жобаға сәйкес жасалуда. Мердігерлерді күнделікті бақылап, мұқият тексерудеміз», - деді әкім.

Жобаға сәйкес, көпірде көліктер сегіз жолақ арқылы қатынайтын болады. Осының нәтижесінде, кептеліс азаймақ. Сондай-ақ Славский жағалауы көшесінен көпірге айналма жолға түспей тіке шығуға мүмкіндік жасалады. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың қараша айында Ертіс өзеніндегі бұл көпір ортасынан опырылып түскен болатын.


Жоғары қарай