Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өскемендік депутаттар дүкен аралап, азық-түлік бағасын тексеруде

2020 жылдың 19 наурыз 2020 21:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қант бағасын көтерген кәсіпкерге қатысты хаттама толтырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық мәслихат депутаттары сауда орындарындағы азық-түлік бағасын бақылау мақсатында кезекті рейд жүргізді. Бүгінде халық қалаулылары 3 топқа бөлініп жұмыс істеуде.

«Бірінші жұмыс тобы азық-түлік бағаларын бақылауда. Екінші топ ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының санитарлық жағдайына тексеру жүргізсе, үшінші топ қоғамдық көліктерде жүргізіліп жатқан дезинфекциялау шараларын тексереді. Тексеріс барысында қандай да бір құқық бұзушылық анықталса дереу тиісті шара қолданылады», – деп түсіндірді Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светаш.

Арнайы комиссия қаладағы бірнеше көтерме сауда орталықтарын аралады. Нәтижесінде қант бағасын негізсіз көтерген кәсіпкер анықталып, оған қатысты хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де Өскеменде қант бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлер анықталған болатын.


Жоғары қарай