Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 12:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, информатикадан 32-халықаралық олимпиада 2020 жылдың 13-19 қыркүйегі аралығында онлайн режимде өтті. Жарысқа әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысқан.

ҚР ұлттық құрамасының сапында екінші жыл қатарынан республикалық олимпиадалардың, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің түлегі – Темірлан Байболов қатысты.





Олимпиада екі айналым бойынша өткізілді. Бәсеке барысында қатысушылар информатика мен АКТ бойынша түрлі қабілеттерін көрсетіп, алгоритмдік есептер орындады.

Олардың жұмыстарын, құрамына қатысушы мемлекеттердің өкілдері енген халықаралық әділқазылар алқасы бағалады.





Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы атынан жарысқа барған 4 қатысушының ішінен Темірлан Байболов жоғары білімін көрсетіп, күміс медаль иесі атанды.


Жоғары қарай