Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Осы аптада Қарағанды облысы емханаларына тегін антибиотиктер келіп түседі

2020 жылдың 15 шілде 2020 18:10

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылған науқастарға тиесілі тегін антибиотиктер апта соңына дейін Қарағанды облысының емханаларына түсуі тиіс. Сондай-ақ, қыркүйек айына дейін өңірде бес компьютерлік томография кабинетін ашу жоспарлануда. Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келесі аптада пневмония мен КВИ-дан үйде емделетіндер қажетті антибиотикті тегін ала алады. Облыс емханаларына 87 мың азитромицин және 100 мыңнан астам амоксициллин келіп түседі.

Қажетті дәрі-дәрмекке рецептіні тіркеу орны бойынша емханаға жүгіну арқылы немесе DаmuMed қосымшасын пайдалану арқылы алуға болады.

Сондай-ақ, осы аптаның соңына дейін өңір стационарларына қажетті дәрі-дәрмек түсуі тиіс.

Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмек жоқтығы мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасының call-орталығына 95-55-59 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Облыста медициналық мекемелерді техникамен қамтамасыз ету де жалғасуда.

Қазір өңірде ӨЖЖ аппараттарымен жабдықталған 150 реанимациялық төсек бар. Тағы 27 аппарат осы аптада ауруханаларға түседі. Осындай 100 құрылғыны сатып алуға бюджеттен ақша бөлінді.

Облыстың медициналық мекемелерінде 200 оттегі концентраты бар. Олар науқастардың қанында оттегінің қажетті деңгейін сақтауға көмектеседі. «Қазақмыс» корпорациясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 200 аппарат сатып алады.

Биылғы қыркүйек айына дейін Қарағанды облысында компьютерлік томографияның бес кабинеті ашылады.


Жоғары қарай