Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Отандық экспорттаушылар шығындарының бір бөлігі өтеледі – сауда министрі

2022 жылдың 14 мамыр 2022 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық экспорттаушыларды қолдау үшін шығындарының бір бөлігі өтеледі. Бұл туралы ҚР Сауда және интерграциялар министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жиі қойылатын сұрақтардың бірі – логистикалық қолжетімділік және оның құнының артуы мәселесі. Біз экспорттаушыларды қолдау үшін экспорттық шығындардың бір бөлігін, соның ішінде тауарларды жеткізу және ілгерілету бойынша шығынды өтеу құралын іске қостық. Қазіргі уақытта бізде 4 млрд астам теңгеге 220-ға жуық өтінім бар. Өтінімдердің негізгі бөлігі логистика бағытында. Әрине, бұл құралдың да кемшіліктері бар екені түсінікті. Кәсіпкерлер бізге тез шешім қабылдау үшін рәсімді, бюрократияны қысқартуға көмектесуі тиіс деп ойлаймын»

, - деді министр елордада Қазақстан экспорттаушыларының бірінші форумында.

Сауда министрінің айтуынша, бағдарлама нәтижесінде 900-ге жуық жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

«Сондай-ақ, шығындардың бір бөлігін өтеу түріндегі қолдау нәтижесінде 2023 жылға қарай 104 компания экспорт көлемін 76 млрд теңгеге, салық аударымдарын 6 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отыр»

, - деді ол.

Бұған дейін Бақыт Сұлтанов Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экспортына қалай әсер еткенін айтқан еді.

Сонымен бірге, Қазақстандағы белсенді экспорттаушылар саны 540-тан асты, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.


Жоғары қарай