Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Отандық құрылыс материалдарын онлайн саудалайтын ақпараттық алаң құрылады

2020 жылдың 21 шілде 2020 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда отандық құрылыс материалдарын онлайн саудалайтын «Маркетплейс» ақпараттық алаңы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнім құнын төмендету мақсатында біз отандық құрылыс материалдарын онлайн саудалайтын «Маркетплейс» арнайы ақпараттық алаңын құруды қарастырып жатырмыз. Аталған онлайн портал компьютер технологияларын қолдана отырып, нақты уақыт режимінде әр нысанның құрылысына мониторинг жасауға және әкімдіктердің қаражатты игеруіне мүмкіндік береді. Бұл материалдар құнын 15%-ға төмендетуге жол ашып, құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша мемлекеттің қолдауымен онлайн алаң құрылыс материалдарын белгіленген құны бойынша сатуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек бұған дейін Бейбіт Атамқұлов құрылыс индустриясының дамуын тежеп отырған факторларды атаған болатын.


Жоғары қарай